Home Жаңалықтар Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруына байланысты қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты –...

Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруына байланысты қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты – Ел жаңалықтары

59

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруына байланысты қаза болғандардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруы салдарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстанның әскери қызметшілері әрқашан антына адал, сондай-ақ Отанына шексіз беріле қызмет етуде. Жастарымыздың мезгілсіз қаза болуы қабырғамызды қайыстырды.

Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба«Ақтөбенің» бұрынғы қақпашысы клубты сотқа берді – Футбол
Келесі жазбаНұр-Сұлтандағы жол апаты: Зардап шеккен төрт адам ауыр жағдайда жатыр – Ел жаңалықтары