Қазақстанда мұғалімдердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, кемсіткендерге айыппұл салу ұсынылды. Оның құны 100 АЕК, яғни, 252 000 теңгені құрауы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мұндай заң жобасы «НҚА Ашылуы» сайтында жарияланған. Оны талқылау 27 маусымға дейін өтеді деп жоспарлануда. Заң жобасына қатысты пікір жазып, қалдыруға болады.
«127 бабы 1-1 бөлімі: «1-1. Кәмелеткетолмағандардың тарапынан оқытушының ар–намысы мен қадір–қасиетіне тиген нұқсан үшінолардың ата–аналары немесе олардыалмастыратын адамдарға жүз айлық есептіккөрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады» бойынша толықтырылсын«, – делінген заңжобасында.
Одан бөлек, ҚР заңнамасында көрсетілгенжағдайларды есепке алмағанда, оқытушыныкәсіби міндеттеріне қатысы жоқ жұмыстарғатарту, сондай–ақ мұғалімнен заңда көзделмегенесеп пен ақпаратты талап етудің соңы ескертугеәкеп соғады.
Егер оқытушыға өз қаражаты есебінен оқу–тәрбиепроцесін қамтамасыз ететін тауарлық–материалдық құндылықтарды сатып алу міндетіжүктелген болса да, ескерту жазылуы мүмкін.
Жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарбір жыл ішінде қайталанатын болса, құқықбұзушы –лауазымды тұлға үшін – 40 АЕК, ал шағын, орта және ірі кәсіпкерліксубъектілер үшін 60-120 АЕК төлеугеміндеттеледі.