Home Жаңалықтар Қазақша фильмді ешкім көрмейді деген рас па?

Қазақша фильмді ешкім көрмейді деген рас па?

37

Өткен аптада үлкен экранға Алаш арысы Міржақып туралы фильм шықты. Оған дейін фильмнің сериал нұсқасы телеарнада көрсетілген.

Фильм тек Қазақстан арнасы келіскен кинопарк желісінде прокатқа шықты. Дегенмен көрермендер сұранысымен Семей, Өскемен, Талдықорған, Жезқазған, Петропавл, Павлодар қалаларындағы жекеменшік кинотеатрларға да қойылатын болды. Бұл туралы әлуметтік желіде фильм продюссері Айсәуле Әбілда хабарлады, деп жазды Тіл кеспек жоқ парақшасы.

«Міржақып. Оян, Қазақ» Фильмі кинотеатрға шығатын кезде оның айтарлықтай көрермен жинайтынына кинотеатр желілері де, тіпті сырттан бақылап отырған көпшілік те қатты сене қоймаған еді. Оған ешкімді кінәламаймын. Осы кезге дейінгі өте үлкен бюджетті, арнайы кинотеатрға арналып түсірілген таза қазақ тіліндегі тарихи кинолардың «провал» болуы және фильмнің әуелі сериал болып шығып, кейін сол материалдан қайта монтаждалуы көпке күмән ұялатты.

Тіпті, біз алдын ала хабарлағандықтан әлеуметтік желіде «билет қашан шығады» деген сұрақтар көбейді. Кейін кинопарк өкіліне «Билетті сайтқа бір күн бұрын неге шығара бермейсіздер?, адамдар сұрап жатыр дегенімде, «сол сұрап жатқан 1-2 адам шығар, 21 күні таңда шығады» деп жауап берді. Одан таңертең емес, түскі уақытта сатылымға шығарған. Кей қалаларда әлі де проблема бар.

Осыдан-ақ олардың қазақ фильміне деген көзқарасы байқалады.

Қазақстан арнасы Кинопарк және Киноплекс желісімен келісім жасағандықтан, осы желінің кинотеатры бар аймақтарға ғана таратылады екен. Оған біршама қала кірмей қалды. Бірақ, Семей, Ақтау, Талдықорған, Екібастұз, Көкшетау, Жезқазған, Өскемен жақтағы халық белсенділік танытып, өздеріне де қойғызып алған. Таразға да шығатын болыпты.

Жасаған жобаң «қазақ киносына 2 адам ғана барады» деген қауесетті жоққа шығарса, бұл бақыт емес пе?

Былтыр көрсетілген «Аватар: су жолы» фильмінің қазақшасы 71 миллион теңге жинап рекорд орнатқан. Бұл дубляждалған Голливуд фильмдерінің 12 жылдағы ең жоғары көрсеткіші. Фильмнің қазақ тіліндегі нұсқасын 43 мыңнан астам көрермен тамашалаған.

Әйгілі «Дос-Мұқасан» тобы жайлы түсірілген фильм дде қазақстандықтар арасында сұранысқа ие болды. Тұрғындар Павлодарда фильмнің қазақша нұсқасын тек түнде көрсетілуіне қарсы болып еді.

Өкінішке қарай, осы жаздың ең ірі екі премьерасы «Барбенхаймерді» ана тілімізде көре алмадық. Тіл белсенділері мен қазақстандықтар қазақша дубляжды талап етіп, президент әкімшілігіне жаппай өтініш жолдады.

Кейін бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жыл сайын кем дегенде 15 фильм қазақша аударылатынын айтты.

Желі қолданушылары расымен де қазақ тіліндегі фильмдер назардан тыс қалып жатқанын жазып жатыр:

  • Біз Өскемен қаласында студенттер болып кинотеатрға фильм шыққаннан бастап қайта-қайта хабарластық. Ватсаптарына да жаздық. Жекеменшік болғаннан кейін бұлар қазақша фильмді көп елемейді ғой. Ең ақырында осы фильмнің біздің қаламызға келуіне ат салыстық. Бұл тарихи фильм. Бұндай фильмдер көптеп көрсетілуі тиіс.
  • Бұл фильм әр өзін қазақпын дейтін азамат баруы керек кино! Балалаларымыз кімге еліктерін білмей жүр, осындай тұлғаларымызды көрсетсек ертең балам ойынқұмар, әйелқұмар немесе алаяқ болды деп ұялмай отырасың! Ел болам десең бесігіңді түзе!
Алдыңғы жазбаТоқаев: Ресей тарапынан территориялық талаптар туындайды деп біз еш алаңдамаймыз
Келесі жазбаТоқаев неміс технологияларын қазақстандық ресурстармен ұштастыруды ұсынды