Home Жаңалықтар Мексикадағы ұшақ апатынан 13 адам қаза тапты

Мексикадағы ұшақ апатынан 13 адам қаза тапты

50

Мексиканың Коауила штатындағы таулы аймақта іскерлік авиация ұшағы Bombardier Challenger 601 апата ұшырады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Бортта 13 адам болған. Bombardier Американың Лас-Вегас қаласынан Монтеррейге қарай ұшқан. Жолаушылар ол жаққа боксшылардың жекпе-жегін көруі үшін бара жатқан.

«Әуе кемесінің сынықтары әуе бақылауы көмегімен солтүстік муниципалитет Окамподағы алыс таулы зонадан анықталған», – деп мәлімдеді елдің үкіметі.

Коауила үкіметі экипаждың үш мүшесі мен 10 жолаушының тегін хабарлады, олардың бәрі испантілді болған.

Алдыңғы жазбаМаңғыстау облысында жекеменшік үйден 900 келі бекіре табылды
Келесі жазбаАлматыда балабақшада балаларды ұрып-соққан тәрбиешіге үкім шықты