Home Жаңалықтар Мексикада жарылыстан 71 адам қаза тапқан

Мексикада жарылыстан 71 адам қаза тапқан

38

Мексикада жанар май құбыры жарылып, 71 адам қаза тапқан, ондаған адам жараланған. Қаза тапқандар арасында балалар да бар.

Оқиға 19 қаңтарға қараған түні Мехико қаласынан шамамен 100 шақырым жерде болған. Алдын ала дерек бойынша, жарылысқа жанар май ұрлау мақсатында құбырды заңсыз кесу себеп болған.

Оқиға орнына әскерилер жіберілген. Құбырдан жанар май ұрлау оқиғалары елде жиі кездеседі. Ел билігі былтыр сондай оқиғалардың кесірінен мемлекеттің үш миллиард доллар шығынға батқанын айтады.

Алдыңғы жазбаЛукашенко Ресеймен ортақ валюта шарттарын атады
Келесі жазбаМәскеу жұртшылығы «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмін тамашалады