Мәжіліс Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 толуына орай Еуразия мен Азия елдері парламенттері спикерлері IV кеңесін өткізуге дайындалуда. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Тwitter-дегі парақшасына жазды.
«Мәжіліс Н. Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 толуына орай Еуразия мен Азия елдері парламенттері спикерлері IV кеңесін өткізуге дайындалуда. Бүгінде 60-тан астам елдің парламенттік делегациялары мен 16 халықаралық ұйым өкілдері ауқымды халықаралық жиынға қатысатындарын растады», – делінген хабарламада.