Home Жаңалықтар Лукашенконың көңілі неге алаң?

Лукашенконың көңілі неге алаң?

46

Ресей басылымдарының  жазғанына қарағанда Лукашенко елдегі  жоғарғы  лауазым иелерін  шақырып  жедел  түрде құпия жиын  өткізген. Бұған  себеп, Ресей  тарапынан  төне  бастаған  қауіп  көрінеді. «Жириновский секілділер   бізді  бөлшектеп, Ресейдің  бір  облысы жасағысы  келсе,  оған  жол  жоқ. Біз  соңғы деміміз  таусылғанша  қарсы  тұрамыз». Бұл  Лукашенконың үзілді-кесілді  жауабы. Рас,  әр уақытта Беларус  президенті Ресейге  көңілі толмайтынын,  бетің  бар, жүзің  бар демей, батыл айтып  жүргені  белгілі. Әсіресе Еуразиялық экономикалық  одақ  төңірегінде Лукашенконың айтары көп. «Осы  одақты  пайдаланып,  Ресей оның  мүшелеріне  әлімжеттік жасап келеді. Әсіресе  Беларуссияға. Біздің  ел  көп  нәрседен  ұтылып жатыр. Мәскеудің  қас-қабағына  қараудың  қажеті  жоқ.  Біз  тең  дәрежелі «ойыншы»  болуымыз керек»  дегенді  жиі  қайталайды,ол.  Тіпті жақында  Ресейдің  Санкт-Петербург  қаласында  өткен  мемлекет басшыларының   саммитінде  де  Лукашенко Путинмен   «сөзге  келіп  қалғаны»  белгілі.  Ресей басылымдары саммит соңында  Лукашенко Путиннен кешірім  сұрады  деп  жазды. Алайда Беларус  басшысы  мұны  теріске  шығарғаны  белгілі. Айта кетер бір  жайт, ағайындас үш  славян  мемлекеті арасында бір алауыздық  бар.  Ресей мен  Украина  қазір  бір-бірімен текетіресіп,  соғыс жағдайында  отыр. Ал Беларуссия Ресеймен тығыз  байланыста  болғанымен, түбі  бір  шикілік  шығып  қала ма деп  алаң  көңілде отыр. Құпия  жиын соның  бір көрінісі  деуге  болады.

Алдыңғы жазбаЕрдоған: F-35 ұшақтары Түркия аспанын қорғайды
Келесі жазбаҚайыртай, Рүстемің қалай өскен!