Home Жаңалықтар Ердоған: F-35 ұшақтары Түркия аспанын қорғайды

Ердоған: F-35 ұшақтары Түркия аспанын қорғайды

34

Соңғы уақытта АҚШ  пен Түркия арасындағы  дипломатиялық  қарым-қатынас шатқаяқтап  тұрғаны  белгілі. Оның  бірі АҚШ-тың Сирия жеріндегі күрд қарулы  топтарын  қолдап,  қару-жарақпен  қамтамассыз  етуі.  Өйткені ресми  Анкара  үшін Сирия  жерінде  тәуелсіз  мемлекет құруға  жанаталасып  жүрген күрдтерден төнер қауіп  көп.  Олар Түркияны  мекендеп  отырған күрдтерге  қозғау  салып, елді  бөлшектеуге ықпал  етуі мүмкін. Сондықтан  Түркия АҚШ-тың  күрдтерді  қолдауын  қаламайды. Осы  себепті  екі  ел  соңғы  кезде дүрдараз. Екінші  мәселеТүркияның  Ресейден  С-400 зениттік-зымырандық  кешендерін сатып алу  жөнінде  сөз байласуы. Ақ үйдің есебінше,  бұл  НАТО стандартына  келмейді. Сондықтан  Анкара қаруды  Ресейден емес,  солтүстік альянсқа  мүше елдерден алғаны дұрыс. Әрине бұл жерде АҚШ  Ресейді  қалайда әлсірету  үшін, тек экономикалық  санкциялармен  шектеліп  қалмай, ол елдің  қару-жарақ өндіретін кәсіпорындарына да санкция жариялағаны  белгілі.  Тіпті  ол  елден  қару алатын мемлекеттергеде  санкция  салатынын бірнеше  рет ескерткен. Сол ескертпенің  бірі  Түркияға  жасалған  еді. АҚШ  үкіметі  егер  Ресеймен  жасалған  келісімшартты  бұзбайтын  болса,  F-35  ұшақтарын  Түркияға  сатпаймыз  деп  сес көрсеткен-ді. Бірақ ресми Анкара олардың  айтқанына  пысқырыпта  қарамаған.

Кеше  Түркия  президенті АҚШ-тан  120 F-35 ұшағын сатып алатын  болдық  деп  мәлімдеме жасады.  Демек  екі ел арасындағы  саяси түсініспеушілік  болғанымен,  сауда-саттыққа  ол жүрмейтін  сияқты. Бесінші  буын деп саналатын әлемдегі  теңдессіз F-35  ұшағының  құны  шамамен 100 миллион доллардың көлемінде.  Ал  120 ұшақ  қанша  тұратынын санай  беріңіз. Яғни АҚШ  үшін дипломатиялық  тектеріс  басқа,  сауда  басқа  секілді. Ал  Түркияға аймақ  елдерінің  арасында әуедегі билікті  қолда ұстап  қалу  үшін, F-35  ұшағы  ауадай  қажет. Сондықтан оның нарқына  қарап  жатпай,  тездетіп алуды көздеп  отыр.

Алдыңғы жазбаБолуы тиіс желтоқсан
Келесі жазбаЛукашенконың көңілі неге алаң?