Home Жаңалықтар Ла-Манаш бұғазын жалғыз өзі жүзіп өткен алғашқы қазақ азаматы жайлы не білеміз?

Ла-Манаш бұғазын жалғыз өзі жүзіп өткен алғашқы қазақ азаматы жайлы не білеміз?

44

Алматылық Ержан Есімханов 34 шақырымдық Ла-Манш бұғазын 14 сағат 21 минутта жүзіп өтті. Есімхановтың бұл ерлігі ел есінде қалатыны сөзсіз. Өйткені ол Франция мен Британияның арасын қосатын Ла-Маншты өзі ғана жүзіп өткен әзірше жалғыз қазақ деп хабарлайды Хабар24.

Ержан Есімхановтың айтуынша, ол жүзумен үш жылдан аса уақыт айналысып келеді. Ла-Маншты жүзіп өту көптеген спортшының арманы.

«Бұған дейін Гибралтар мен Австрия және Мароккада марафондық жүзуден бақ сынадым. Содан кейін тәуекел деп ЛаМаншқа дайындықты бастап кеттім. Ауызбен айтуға оңай. Бірақ стартқа түнгі сағат 12-де шықтым. Көптеген қиындықтарға қарамастан діттеген мақсатыма қол жеткіздім», – дейді Ержан.

Айта кетсек, Ла-Маншты алғаш рет 1875 жылы ағылшын азаматы Мэттью Уэбб бағындырса, 70 жасында осы бұғазды Роджер Оллсоп жүзіп өткен.

Алдыңғы жазбаҚазанда Қытайдың аз ұлттарға жасаған «геноцидін» айыптады
Келесі жазба11 миллион адамның жеке мәліметтерін интернетке салған кім?