Home Жаңалықтар О, Казанова… немесе атақты жүргіштің сыйқыры неде?

О, Казанова… немесе атақты жүргіштің сыйқыры неде?

49

Миллиондаған әйелдердің жүрегін жаулап  алған    атақты Джакома Казанова  өзінің ұзақ өмірінде 122 әйелді қармағына түсіріпті. Аты аңызға айналған  Казанованы  неге жұрт  сонша  дәріптейді,  сұлу  біткенді  өзіне асық  ететін  онда қандай  сыйқыр  бар?

Алғашқы қадамдар

Джакомо Казанова 1725 жылы Венецияда некесіз туыпты. Әкесінің кім екені белгісіз. Шешесі ортанқол актриса болыпты. Оның өзі де шеше болып жарытпаған. Баланы туыстары тәрбиелеген екен. Солардың арқасында семинарияны оқып бітіреді, әйтеуір. Жас аббаттың діни қызметі ұзаққа созылмайды. Ғибадатханада бір жас әйелмен  рахат дүниені бастан өткеріп жатқан жерінен ұсталып қап, масқараға ұшырап, жұмыстан қуылады. Осыдан кейін оның қаңғыбас өмірі басталған. Анкона, Неаполь, Рим… Сұңғыла бойлы, әдемішелеу келген құсмұрын жігіт жұрттың бәріне ұнамды болса керек. Әйелдердің басын айналдырып, еркектердің «құлағынан тебуге» шебер болыпты. Тамағы тоқ, көйлегі көк. Жұмыс істемей-ақ, оңай ақша жасаудың жолын табады.

Сегіз қырлы, бір сырлы

Оның «құшағына алған» әйелдерінің саны көп те емес: қырық жылдық «қыдырған» уақытында – 122 әйелді серік еткен. Құпиясының өзі сонда ғой! Ол секстің сезімтал суретшісі бола білді. Ол нағыз қол жетпес аруларға құмартты. Ол үшін уақытын да, күшін де аямады. Не түрлі айла-шарғыға барды. Түрлі кейіпке енді.Қызметші де болды, көпес те болды, емші де, тәуіп те, жұлдызнамашы да, алхимик те… Соның бәрінде табиғи, нанымды көрінді. Казанова – қазіргі плейбойлардың атасы.

Қайткен күнде де, плейбойлық этикетті сақтады: бар ойы – махаббат, ал бос уақытында дәмді тағамнан, тәтті шараптан, жақсы әңгіме-дүкеннен, серуеннен ләззат алды. Моральді ойлап бас қатырмайтын. Оның жиен қарындасымен бірге жататыны белгілі болған. Кейбір деректер бойынша туған қызымен де төсектес болыпты-мыс…

«Қызыл тілім, сайра!…»

Казанованың мінезінде қарама-қайшылық көп болған көренеді. Кейде ойсыз әрекет жасаса, кейде бақай есепке салынған, кейде сезімтал, кейде дөрекі… Сонысына қарамай, ол ақсүйек әйелдерге де, шаруа әйелдерге де бірдей ұнамды болса керек. Асқан ақылымен, көркімен, биязылығымен,  жомарттығымен, күшті жыныстық қуатымен. Оның басты қаруы – тілі  еді. Майдалап,  бипаздап сөйлегенде  әйел  тұрмақ   ер адамның  өзі   оның  арбауына,  алдауына    түсіп  қалатын болған… Егер ол әйелге сөз жүрмесе, қоя қойып, басқа амалын қарастырады екен. Бұл оның шығармашылық тұрқын білдірсе керек.

Казанова әйелді тән-тояттың құралы деп санаған жоқ. Өзімен теңдес, рухани жұптас деп қарады. Осынысы үшін әйелдерге сыйлы болды.

Париждың атақты бай қатыны, мадам д Юрфе Казановаға сиқырлық, магия үшін жүз мыңдаған франк берген көрінеді. Авантюрист оны жеңіл қолмен алып, жаңа таныстықтар үшін оңай жарата берсе керек. Казанова жас, тәжірибесіз қыздарды махаббат өнерін үйретіп, бай таныстарының қойнына салады екен. Әлбетте, өзінің бас пайдасын ұмытпайды. Ол қыздарды тек секске ғана үйретіп қоймай, рухани ұстаз болуға тырысқан. Философиялық әңгімелер айтып, кітап сыйлаған. Бір ойнасына, тіпті, бай кітапханасын қия салыпты. Оның еңбегі еш кеткен жоқ. Ең бір ынталы шәкірттері байлардың салонында қызмет етті.

Сүйек асылдығы

Казанова топтық оргияларды жақсы көрген. Польшада ол он екіде бір гүлі ашылмаған екі қызды азғырыгпы. Онысын былай еске алады: «Мен екеуімен бірнеше сағат бойы рахатқа баттым. Бірінен екіншісіне бес-алты рет ауыстым. Арасында екеуін түрлі күрделі позаға салып бақтым. Бұл қыздарды одан сайын ынтықтыра түсті». Казанованың осындай күшті жыныстық қуатының сыры неде? Кейбіреулер оның қуат арттыратын тағам          қабылдауымен түсіндіреді. Устрица жеп алғаннан кейін жыныстық қуат арта түсетінін айтады олар. Осындай нәрселерді ойға түйіп жүретін         Казанова бұл саладағы жаңалықгы тәжірибе жүзінде асырғанды тәуір көреді екен.Әсіресе оған «Гоудар креслосы» қондырғы ұнап қалыпты. Креслоға отырған әйел кенеттен аяқ-қолы бұғауланып, шүріппе арқылы аударылып түсіп, тән-тоятқа дайын бола қалады екен. Казанова қай жерде болсын, әйелдермен танысуға құштар болған: мейрамханада, көпшілік орындарында, қонақта, жеңілжүріске үйір қыз-келіншектер жиналатын үй…

«Махаббат деген ессіздіктің бір түрі, оған ақылдың әмірі жүрмейді» – деп жазады ол. Оның Миландағы Клементина деген әйелге махаббаты дүйім жұртқа мәлім болған. Сөйтсе  де Джакома еркіндікті артық көрді. «Еркіндік деген қалықтауды, жаңа таныстықты іздейді, жаңа жүздерді, жаңа позаларды білдіреді!»  Әуестік – міне, маэстроның қозғаушы күші осы. «Мен бұған әуеспін!» Казанова естеліктеріндегі ең сүйікті тіркес.

Маэстро қолтаңбасы

Бір қызығы, азғырылған әйелдердің кекшіл күйеулері, туыстары Джакомоға кектенбепті, соңына түспепті. Оның сыры әйелдердің көбісі Казанованы жылы еске алады екен. Поляктың бір аруы оған: «Сіз күнаһар болсаңыз да, кінәңіз жоқ!»  депті. Алайда, жолы болғыш жігіттің айы оңынан тумаған күндері де бар: Ол Константинополь түрмесінде отырып шықгы, Венеция түрмесінде ботқаның  дәмін татты. Олардан да айласын тауып қашып шықгы. Экстрасенстік қасиетіне, ақылы мен күшіне сенді.

Мамандығы –  азғырушы

Тағы бір таңқаларлығы , бүкіл Еуропаны шарлап шыққан Казанованың еш уақытта паспорты болмаған. Ол өзін емші деп те, дін қызметкері деп те, енді бірде ғалым, бірде елші деп таныстырып өте шығады екен. Бір күні Лондондағы бір әйелге шынын айтыпты: «Менің мамандығым – азғыртушы. Өмірімнің бар қызығы тән – тоят табу. Сонымен ғана өмір сүрдім, сонымен тірімін. Махаббат деген мен үшін бірінші ойын, алдау-арбау…». Өзін қай ел қалай қарсы алса, сол елге көзқарасы да солай қалыптасады екен. «Сыйға – сый, сыраға – бал» дегендей. Англияға қырын қарапты. Өйткені, сонда тұратьш мадам Шерпильон бұның қанша ақшасын жеп қойса да, көнбепті. Жаман атағы жер жарса да, Казанованы жоғары қауым жылы қабылдай екен. Ол ұлы Фридрихтің хан сарайында болды. Польша королі Станислав Понятовский мен орыстың император қатыны II Екатерина да оған жылы қабақ танытты.

Даңқ пен дақпырт

Джакома Казанова селкілдеген сексен жасқа дейін өмір сүрді. Кедейлік пен байлықты, түрме мен атақты бастан кешірді. Жыныстық қуаты суалғанда да қыңқ демеді. Әдеби шығармашылықпен айналысып, «Искамерон» атты фантастикалық роман мен 12 томдық естелік жазды. Талантты екенін танытты. Қоғам оның шығармашылығын түрліше қарсы алды. Бірі жағасынан ұстады, бірі сынады. Казанова есімін ақын-жазушылар, драматургтер, суретшілер мен режиссерлер аңызға айналдырды.

Махаббат онын өмірінің мәні еді. Оны даңқ пен дақпыртқа  да бөлеген – махаббат. Ұлы режиссер Федерико Феллинидің қойылымындағы «Казанова» өз таланты мен амбициясын қажетіне жарата алмаған адам туралы фильм болды. Жыныстық қуатының құрбаны болып көрінді. Казанова Венанның жанындағы Брюль деген жерде 1805 жылы қайтыс болды. Өлгісі келмеді. О дүниеге аттанарда: «О, кұдайым! Мен философ болып өмір сүрдім, христиан болып өлемін» депті. Бұл оның ақырғы өтірігі мен ақтық сапары еді.

Міне, кешеден  бүгінге  дейін аңыз  боп  жеткен атақшы  жүргіш,  талай  ақ  төс  арудың  тамағынан   өпкен   Джакома Казанова  өмірде  осындай  болыпты…

      Темірлан  Баязит

Алдыңғы жазбаЭстония ресейлік «Спутниктің» жұмысын шектеді
Келесі жазбаЖеліде Bek Air ұшағының құлаған сәті түсірілген видео пайда болды