18 маусымда Швейцарияның Ньон қаласындаЧемпиондар лигасы мен Еуропа лигасыныңіріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
Қазақстан чемпионы «Астана» футбол командасы(Нұр–Сұлтан) Чемпиондар лигасы іріктеуініңбірінші кезеңінде румыниялық ЧФР клубыменкездеседі.
Ал Еуропа лигасына қатысатын алматылық«Қайрат» алғашқы айналымда Широки Бриег» клубымен (Босния және Герцеговина), қостанайлық «Тобыл» Люксембургтің «Женесс» командасымен, шымкенттік «Ордабасы» грузиялық «Торпедо Кутаиси» клубыменойнайды.
«Астана» мен ЧФР арасындағы алғашқы ойын 9 не 10 шілдеде Нұр–Сұлтанда, қарымта ойын 16 не17 шілдеде Клужа қаласында өтеді.
Еуропа лигасының алғашқы ойындары 11 шілдеде, қарымта матч 18 шілдеде болады. «Ордабасы» жарысты өз алаңында, «Қайрат» пен«Тобыл» сырт алаңда бастайды.
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы – UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) құрамына енетінелдер клубтары қатысатын жарыс. Чемпиондарлигасына UEFA ұйымына мүше елдердіңчемпионатында жеңген және жүлде алғанкомандалар қатысады.
Еуропа лигасының деңгейі Чемпиондарлигасынан төмен. Бұл жарысқа UEFA ұйымынамүше елдердің кубок иегерлері жәнечемпионатта жүлде алған командалар қатысады.