Home Жаңалықтар Конгода кеме аударылып, 20 адам қаза тапты

Конгода кеме аударылып, 20 адам қаза тапты

49

Киву көлінде ағаштан жасалған кеме аударылды. Оның ішінде жүзге жуық адам болған. Қазір 30-дан астам адам құтқарылды, 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Синхуа агенттігі хабарлады.

Конго Демократиялық Республикасында болған қайғылы жағдайдан кейін табылмай жатқан бірнеше адам бар.

Оңтүстік Киву провинциясы өкілдерінің айтуынша, ағаш кеме дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні аударылған.

Қазір 30 адам құтқарылып, 20 адам қаза тапты.

Апаттың себептері анықталып жатыр.

BAQ.KZ 
Фото: ашық дереккөз
Алдыңғы жазбаЗейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жедел форматқа ауыспақ
Келесі жазба«Дос-Мұқасан» солисі «Эйр Астана» қызметшісін ұрған