Home Жаңалықтар Жоғалған өркениет белгілері

Жоғалған өркениет белгілері

67

«Жер бетінде адамзат 250 мың жыл бұрын пайда болды» дейді ғалымдар. Нақты дәлел-дәйекке сүйене отырып жасалған қорытындыға ешкім дау айта алмас. Көне жұрт мекен еткен аймақтарға жүргізілген қазбалардан табылған құрал-жабдықтар мен заттарға қарап-ақ, адамзаттың өркендеу сатысы қарапайым дүниеден күрделі дүниеге бірте-бірте жеткенін аңғартады. Бірақ археологтар тапқан кейбір заттар құлаққа сіңіп қалған ұғымды теріске шығаратындай. Өйткені көнеден жеткен кейбір жәдігерлердің жасалуында еш кілтипан жоқ. Бүгінгі күннің яғни заманауи технологияның мүмкіндігін пайдаланып жасалғанындай. Неге? Өйткені «ұятты жерін жапырақпен жауып, қолына таяқ ұстап дала кезген жабайылар ондай мінсіз мүмкіндікке қалай жетті?» деп ойлайсың. Әлде жат планетадан келгендердің тірлігі ме? Я болмаса гүлденіп тұрып жоқ болған өркениеттің қалдырған дүниесі ме?

Жалпы жұмыр жердің кез-келген түкіпіріндегі саналы тіршілік иелерінің «ес білмес ескі заманда, керемет өркениет болыпты» деп келетін аңызы қалай пайда болған? Әлде жер бетінде сондай бір кезең болды ма екен? Себебі кейбір қазбалардан табылған жәдігерлер осындай ойға жетелейтіндей. Тіпті баяғыда… тым-тым баяғыда жер бетіне өзге планетадан ақыл-есі дамыған, керемет өркениетке қол жеткізген тіршілік иелері келіп, еркек-ұрғашысы аралас жалаңбұт шауып жүргендерге жаңа технологияны үйретіп, көктен түскендер құдайлар еді деген түрлі аңыздар таратқан деген де болжам жеткілікті. Кім білсін…

Жалпы соңғы кезде археологтар тапқан кейбір құралдар осы болжамды растайтындай. Мәселен… жақында Ресей археологтары Алтайдағы көне молаларды қазған кезде көптеген таңғажайып жәдігерлерді тапқан. Тіпті бүгінгі күні үлкейткіш айнаман қарағанда әрең көрінетін қылдай алтын –күміс талшықтарын ою-өрнекке қалай дәл етіп дәнекерлеген. Ал дәнекерлеу болып па еді, ол заманда? (жалпы дәнекерлеу бертін келе пайда болды емес пе?). Сол секілді Сібірдің бір түкпіріндегі моланы жақында қазу кезінде танауы жоқ, бірақ өте үлкен көзі бар тасқа қашалған адам суреті табылған. Бұл ненің белгісі? Көне суретші кімді салған? Бұл да шешілмеген жұмбақ.

Коста – Рика елінен табылған көптеген әшекейлерде зергер денесі құс сияқты, басы адамға келетін, үстіне скафандр киген белгісіз тіршілік иелерін бейнелеген. Бұл не? Табылған дүниелер біздің дәуірімізге дейінгі уақытта жасалған. Баяғыдан бері Қытайда жадеин мен нефрит өте қымбат тастардың қатарына жатып келді.

Жақында Қытайда жасы біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылға жататын нефрит тасы табылды. Онда азу тістері сойдиған, шаштары сала құлаш ұзын адамдардың кескіні шекілген. 1959 жылы палеонтологиялық экспедиция Гоби шөлінен ерекше таңбаларды тапқан. Ғалымдардың есебі бойынша таңбалардың жасы миллион жылды құрайды. Онда скафандар киген ғарышкерлерге ұқсас адамдар бейнеленген. Ал алып таңбалар ғарыш кемесі қонатын айлақтың белгісі болуы мүмкін-мыс. Ливияның шөлді жазықтарында да сондай алып таңбалар кездеседі. Олардың ұзындығы мен орналасуы ерекше. Ақ тастармен белгіленген. Ғалымдар күнтізбе болуы да мүмкін деген пікірде. Егер тым биіктен көз салсаң, ұшақтардың қонуын көрсететін белгілерге де ұқсап кетеді екен… Содан болар бөгде планеталықтар мінген ғарыш кемелері қонатын алаң болуы да мүмкін деген болжам бар.

Қырымдағы Одесса қаласының маңындағы қазбалардан миллиондаған жыл бұрын көмілген түйе, страус т.б. аң-құстардың сүйектері табылған. Жердің төменгі тоңында жақсы сақталған сүйектер қажетіне қарай әр түрлі деңгейде темір бұрғымен тесіліп, сым темірлер өткзілген… Ал, миллион жыл бұрын бұрғы тұрмақ, адамзат болмаған… Бұған не дейміз. Анд тауының бір шоқысында түпсіз терең бірақ көлемі шағын көл орналасқан. Көл тау басында қалай пайда болды, әзірге ешкім тап басып айта қойған жоқ. Мәселе көлде емес. Соның жағалауындағы жартастарға ойылған иероглифтерде. Ондаған жыл бас қатырған ғалымдар ақыры 1949 жылы белгісіз жазудың құпиясын ашты. Сөйтсе астроғарыштық күнтізбе болып шыққан және қандай дәлдікке ие десеңші. Бірақ күнтізбеде 290 күн ғана (бізде 365 күн бар) бар екен. Ғалымдар бұл жат жұрттықтардың күнтізбесі болуы мүмкін деген пікірде.

Мысырдағы пирамидалардағы табыттардың жиегіне ерекше суреттер шекілген. Онда да адамдар бүгінгі күні қолданылып жүрген электр өткізгіш бауларға ұқсас құралдар ұстап тұр. Жалпы осы пирамидалардың салынуына байланысты түрлі әңгіме көп. Мәселен пирамидалардың ұшар басына қазіргідей жүк көтергіш крандар жоқ кезде тастарды адамдар қалай көтеріп қондырды? Ал сол алып құрылыстың ішіндегі шырмауы көп шиыр жолдардың құпиясын да ешкім аша алмады және күн сәулесінің түсер жолдарына арналып жасалған тесіктердің де дәлдігі бүгінгі заманауи құрал-жабдықпен жарақтанған ғылым үшін таңқаларлық жағдай. Ежелгі адамдар табиғаттың бар мүмкіндігін қалай пайдаланған, тылсым күшін қалай меңгерген? Таңғаласың. Дегенмен пирамидалардың қыр-сырын зерттеп жүрген көптеген ғалымдар: «Бұл адамзат қолымен тұрғызылған дүние емес, сырттан (ғарыштан) келген саналы тіршілік иелерінің қолтаңбасы. Мұндай дәлдікпен қапысыз салынған пирамидаларды ежелгі дүние адамдары тұрғызды деу қиын» деген пікір айтады.

Тіпті осы тас қабырғалардың ішінде жерленген мысыр фараондарының мәйітін ашқан көптеген ғалымдардың оқыстан қазаға ұшырап, не болмаса кемтар халге тап болуына байланысты «жетіқат көкпен жалғасқан, мұнда тылсым күштер жасырынып жатыр» деген алып-қашпа болжамдар да жетерлік. Әрине пирамидаларды фараондар өз мәйіттерін қойдыру үшін салдырды десек те, мұндай ірі құрылыстарды ол заманның адамдары көтерді дегенге көптеген ғалымдар қарсы пікір айтады. Ол – шындық. Олар «бұрын бұл аймақтарда қандай да бір өркениет болған. Кейінен жойылып кеткен. Тіпті бұл бөгде планетаның адамдары тұрғызуы да мүмкін» деген болжам айтады. Бұған қоса, олар «бұл Синай шөлінде жатқан пирамидалар осы аймаққа келіп қонатын бөгде жұрттықтар үшін маяктың рөлін атқарған. Пирамидалардың өте дәлдікпен әр аймаққа орналасуының өзі соны көрсетеді» деседі.

Бүгінде жерден ұшырылып жатқан ғарыш кемелері Мысыр пирамидаларының Марстағы пирамидалармен байланысы бар екенін анықтаған. Мұның өзі адамды өзге бір сыры жұмбақ әлемге жетелейді. Қалай десек те, бүгінгі күні табылып жатқан көне жәдігерлер баяғыда да керемет бір өркениет болғанын меңзейтіндей…

 

tazael.kz

Алдыңғы жазбаТұрсын ЖҰРТБАЙ: Өзі өлсе де Жүсіпбектің сөзі өлген жоқ
Келесі жазбаҚалихан ЫСҚАҚ, жазушы: Әдебиеттегі «бес тапал»