Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бүгін елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. «Бізге мемлекеттік аппараттың құрылымын – оларға қойылатын міндетті анықтау керек. Мұнда реформа қажет болады. (…) Басты мәселе – мемлекеттік қызметкерлердің менталитеті мен стилі. Олар нәтиже үшін жұмыс істеуі қажет. Жауапкершілікті басқа біреудің мойнына іліп қоюға болмайды. Енжарлық пен жігерсіздік, батылсыздық. Мұндай жауапкершілігі мол жұмысқа енжар қарауға болмайды», – деді Президент шенеуніктерге.