Астана қаласының білім басқармасы Kazinform сауалына жолдаған жауабында елордадағы жеке меншік мектептердің оқыту тілі туралы мәлімет берді.
«Қаладағы 66 жеке меншік мектептің басым көпшілігі аралас тілді болса, 5-уі қазақ тілді, 15-і орыс тілінде оқытады», – делінген жауапта.
Сондай-ақ, ведомство жауабында жеке меншік мектептердің оқыту тілі ата-аналардың қалауына қарай айқындалатыны айтылған.
«Баласының жеке меншік мектепте оқығанын қалайтын ата-ана мектепті таңдау кезінде оның оқыту тіліне, оқу ақысына, оқыту бағытына байланысты таңдайды», – деп жазылған ресми мәліметте.