Home Басты жазба Кенесарының Құрманжаннан  несі кем?

Кенесарының Құрманжаннан  несі кем?

200

Алматы қаласының прокуратурасы 2019-2023 жылдары ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджеттің қалай игерілгенін  тексерген екен. Мынадй жағдайды  анықтапты.  1 миллиард  қаржы  бөлінген «Выбор»  (500 миллион)  және «Тырналар» (421  миллион)   фильмі прокатқа шықпай  қалған. Кеткен  ақша ақталмаған.

Өкінішті. Шынтуайтында,  осынша  мол  қаржыға  ұлтқа  қажетті  талай  дүниені  түсіріп  тастауға  болар  еді.  Амал  қанша! Қазір  қазақ  киносында   ұрпаққа  тәлім-тәрбие  беретін,  айтары  бар,  ғибыраты  мол  туындылар емес,  арзанқол,  сайқымазақ  фильмдар көп. Ол жерде  қандай  тәрбие  болсын!  Біз  бұрында  талай айттық,  жаздық. Қазір керегі   ұлттық  сананы  оятып,  әр   азаматтың  жүрегіне  «мен  қазақпын»  деген   дәнекті  егетін,  жадына  сіңіретін  фильмдер  қажет.  Біз  миллиондаған  қазақтың   тамырын  қиған   ашаршылық  жайында  көп айтып,  жазғанымызбен  әлі  толыққанды көркем фильм  жасай алмай  жатырмыз.  Әрине  жоқ  деп айтпаймыз. Бар.  Ол  – жазушы  Смағұл  Елубай өзінің «Ақбоз  үй» атты  романы  желісінде  түсірілген   жалғыз кино. Зұлмат жылдардың зұлымдығын  осы  фильмде   көрсете  білген. Бар  жоғы  осы.   Сондай-ақ,   алаш  қайраткерлері,  олардың  күреске  толы  өмірі һәм алаш  ұлттық  әскерінің  құрылысы  жөнінде неге  кино  түсірмеске.  Тіпті  қазақтың  соңғы  ханы,  патшалық  отарлаушы  күшке  он  жыл  қарсы  соғысып,  елінің –жерінің  азат   болуын көксеп кеткен,  сол  жолда  шейіт  болған  алаштың  арда  ұлы  Кенесары  хан  жөнінде  шындықтың  қанын  сорғалатып  отырып, неге   көркем   фильм   тіпті телехикая  жасамасқа!  Салыстырмалы  түрде айта кетсек,   осыдан  біраз жыл  бұрын қырғыз ағайындар  Құрманжан датқа деген   керемет  фильм  түсірді. Құрман жан   әйел болсда  бір  тайпаға отыз  жыл көсем  болған, орыстың  отарлаушы әскерімен  соғысқан  қырғыздың  ер  жүрек  қызы.  Ұрпақ  білсін һәм  тәрбие  болсын деп қырғыздар керемет  кино  жасады.  Ал,  біз  он  жыл отарлаушы  орыс әскерімен,  қара  қазан,  сар баламен самал  тау,  шалқар көл,  Сарыарқа  жер  үшін  соғысқан, сол  жолда  құрбан  болған КЕНЕСАРЫ ХАН  өмірін  экрандай алмай  жүрміз? Кім кедергі? Әлде  терістікдегі  көршінің   қаһарынан  қорқамыз ба?  Олай  болса  тәуелсіз   елдігіміз  қайда  қалады. Жарайды,  бұл басқа  тақырып.

Өкініштісі,  біз ұрпаққа берері  жоқ, арзан  күлкіге арналған  жеңіл-желпі дүниелерге  жол ашып  қойдық.  Жас буынды  мемлекетшіл, Отанын  сүйетін  патриот  болып  өсуі  үшін, Ұлттық  идеологияны  қалыптастыру керек.  Ол  үшін киноның  рөлі  зор. Демек, халық  көгілдір экраннан  арзанқол  дүниелерді емес,  ұлттық  сезімді оятатын,  қазақы  қанды  қыздыратын тағылымы    ерек фильмдерді көргені  дұрыс.  Ол  үшін  аранайы  комиссия құрылып,  әр жылы ұлтқа  қажетті  қандай  кинолар  түсіру керектігін  сараптап,  тізімдеп   отырғаны  жөн-ау.  Сол кезде арзымайтын  дүниелерге   жол  жабылар еді.

Алдыңғы жазбаАшхабадтағы Абай ескерткішін салтанатты түрде ашты
Келесі жазбаҚостанай облысында өрттен бес бала қаза тапты