Home Жаңалықтар Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды – Спорт

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды – Спорт

36

Юлия Галышева Жапонияның Тазавако қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогінің үшінші кезеңінде қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Olympic.kz тілшісі. 

Әлем чемпионы 2019 жылғы іріктеу кезеңін аса қиындықсыз өтті. Ол шешуші кезең қарсаңында Олимпиада чемпионы Перрин Лаффонға ғана есе жіберген.

Жарыстың ақтық сынында Галышева 76.92 ұпай жинап, үшінші сатыға тұрақтады. Алтын жүлде 82.97 ұпай жинаған Перрин Лаффонның, күміс медаль 79.87 ұпайы бар Энтони Джакараның еншісінде. 

Аяулым Әміренова, Павел Колмаков, Сергей Романов, Александр Геберт пен Олег Цинн іріктеуден өткен жоқ. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаТосын Тоқаш әулие Әбеңді қалай картаға ұтқызды?
Келесі жазбаҚазақстандық қыз Саратовта пластикалық ота жасатқаннан кейін қайтыс болды – Денсаулық