Home Жаңалықтар Индонезиядағы апат

Индонезиядағы апат

56

Индонезиядағы Зонд бұғазының жағалауындағы елді мекендерге цунами соғып, салдарынан 168 адам көз жұмды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Реклама 14

Табиғат апатынан 750-дей тұрғын жарақат алған. 30 ада із-түзсіз жоғалып кеткен.

Цунами жүздеген үй мен ғимараттарды қиратып кеткен.

Қазіргі уақытта зардап шеккендерді эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, Зонд бұғазы – Ява мен Суматра аралын бөліп, Үнді мұхитын Ява теңізімен байланыстырып тұрған бұғаз.

«Цунами кенеттен келіп соқты. Адамдар жан-жаққа қашып, толқын олардың кейбіреуін алып кеткенін өз көзіммен көрдім», – дейді  жергілікті тұрғын.

Алдыңғы жазбаҚазақ тілі «құрбандыққа» шалынды немесе әлемдік тілдер текетіресі
Келесі жазбаӘлемдегі ең бай адамдар 511 миллиард доллар жоғалтты – Bloomberg