Home Жаңалықтар Головкин Токио Олимпиадасына дейін Жапонияда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Головкин Токио Олимпиадасына дейін Жапонияда жекпе-жек өткізуі мүмкін

51

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) сол салмақта WBA «тұрақты» чемпионы жапон Риота Муратамен (16-2, 13 KO) жекпе-жек өткізуге үміткерлер тізіміне енді. Бұл туралы жапон боксшысының шаруасымен айналысатын Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz.

23 желтоқсанда Йокогамада (Жапония) Мурата канадалық Стивен Батлерді (28-2-1, 24 KO) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, титулын қорғап қалған.  «Токио Олимпиадасының алдында мұнда «Канело» немесе Головкинді алып келіп, «Токио Доумда» Муратаға қарсы үлкен жекпе-жек өткіземіз деп үміттенеміз. Екі боксшы да Жапонияға қуана келетінін және Муратаға қарсы үлкен жекпе-жек өткізетінін айтты. Сол кездесуді ұйымдастырмақпын», – деді Арум.  Айта кетсек, промоутер айтқан «Токио Доум» стадионына 55 мың көрермен сыйып кетеді.  Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы жекпе-жегін қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткізіп, екі титул жеңіп алған. Енді боксшы 2020 жылы наурызда рингке оралуы мүмкін.

Алдыңғы жазбаАлматыда сот орындаушысы 2 миллион теңге пара алған Т
Келесі жазбаБұрынғы позициядамыз – Нұрлан Ноғаев елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты пікір білдірді