Home Жаңалықтар Алматыда алапат өрт шықты

Алматыда алапат өрт шықты

51

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті Жетісу ауданы Ратушный көшесі 84, а мекен-жайында өрт шыққанын хабарлады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, цех өртеніп жатыр. Оқиға орнында ТЖД-ның өрт сөндіру бөлімдері жұмыс істеуде.

Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кәкімов қазіргі уақытта өрттің ауданы 1200 шаршы метрді құрағанын айтты.

«Барлық қажетті қызметтер көтерілді. Аймақтың барлық су тасығыштары осында жіберілді. Жалынның тарап кету қаупі бар. Маңайында орналасқан барлық газ құбырлары өшірілді«, – деді әкім.

Белгілі болғандай, Ariba ЖШС жиһаздар қоймасы өртке оранған.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіру қызметтері өрттің сөндурі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Сонымен қатар, қойманың қызметкерлері іштегінің барлығын сыртқа шығарып жатыр.

«17 қыркүйек күні 11:57-де Алматы қаласының «101» пультіне Жетісу ауданы Ратушный көшесі бойындағы жиһаз цехында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. 12:07-де келген алғашқы өрт сөндіру бөлімдері жиһаз цехының қойма ғимаратының жақын орналасқан өндірістік цехқа таралып кету қаупімен жалынға оранғаны байқалды.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 60 адамы қатысып, Алматы қаласы ТЖД-ның 20 бірлік техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері цехтың аймағын қоршап алды», – деп хабарланды ҚР ІІМ ТЖК-да.

Естеріңізге сала кетейік, жақында мегаполисте Барахолка жанындағы қойма өртенді.

 

Алдыңғы жазбаҚазақстанға қарсы ақпараттық және идеологиялық соғыс басталды
Келесі жазбаОқу сауаты бойынша Қазақстан 27-орында