Home Жаңалықтар Головкин DAZN стримингтік жүйесімен келісім шартқа отырғаннан кейін мәлімдеме жасады – Бокс

Головкин DAZN стримингтік жүйесімен келісім шартқа отырғаннан кейін мәлімдеме жасады – Бокс

43

Үш нұсқа бойынша әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин DAZN стримингттік жүйесімен келісім шартқа отырғаннан кейін мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

«Мен оралдым! DAZN-мен бірлесіп карьерамның жаңа бөлігін бастауға қуаныштымын және мұрамды баянды еткім келеді», – деп жазған Головкин Twitter желісіндегі ресми парақшасында.

Головкинның келісімшартқа қол қойғаны жайлы 8 наурызда жарияланды. Үшжылдық келісім барысында, ол алты жекпе-жекке шығып, оның ішінде жылына екі кездесуден өткізіп отырады. Оған қоса, DAZN-мен келісімшарт Головкинді үшінші жекпе-жек өткізуге алып келе жатыр және оның GGG Promotions компаниясы 2020 және 2021 жылдары төрт бокс кештерін өткізуге кепілдік береді.

Головкин рингкке 8 немесе 16 маусымда оралуы мүмкін. Қарсыласының есімі әлі белгісіз. GGG қыркүйектен бері жекпе-жекке шықпаған. Соңғы жекпе-жектен кейін ол жеңіліс тауып, титулдарынан айырылған. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАстанада әйелдің үстіне пальма құлады: сауда орталығы мәлімдеме жасады – Тосын жай
Келесі жазбаАстанада әйелдің үстіне пальма құлады: сауда орталығының өкілдері мәлімдеме жасады – Тосын жай