Home Жаңалықтар Кәрім Мәсімов Антитеррорлық орталықтың отырысын өткізді – Ел жаңалықтары

Кәрім Мәсімов Антитеррорлық орталықтың отырысын өткізді – Ел жаңалықтары

41

18 наурызда Астанада ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік органдардың басшылары белгіленген ортада зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алуды жетілдіру бойынша шараларды қарап, пысықтады.

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің № 2396 қарарын атқару шеңберінде аралық қорытындылар жасалып, одан әрі негізгі жұмыс бағыттары белгіленді. ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды», – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовке Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағын берді.

 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаNur Otan «Халыққа көмек» жобасын бастады – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаАстананың бас мешіті салынады: Назарбаев капсуласын қалады – Ел жаңалықтары