Израиль мен Хамас арасындағы соғыс кесірінен 17 мың бала жетім қалған. Бұны Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ агенттігі мәлімдеді.
Осы жеткіншектердің түгелге жуығы ата-аналары мен баспанадан айрылғаннан кейін ауыр психологиялық жарақат алып, ұйқысыздықтан, тәбеттің төмендеуінен зардап шегіп отыр.
Сонымен қатар, балалар үнемі алаңдап, жарылысты естігенде байбалам салады, деп жазады qazaqstan.tv.
Газадағы соғыс қазанның 7 күні хамастықтар Израильдің оңтүстігінде 1200 адамды өлтіргеннен кейін басталды.
Содан бері Израильдің авиациялық соққылары мен жаяу әскер операцияларынан 28 500 астам палестиналық мерт болған. Соның ішінде 5 300 бала қаза тапқан.