Home Жаңалықтар Қазақстан бойынша 100 жол учаскесі жабылды

Қазақстан бойынша 100 жол учаскесі жабылды

46

Қазақстанда 100 тасжол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды dodanews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.

«16 ақпан сағат 07:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.

  • Абай облысында – 9 учаске (1243 шақырым);
  • Ақмола облысында – 27 учаске (2201 шақырым);
  • Ақтөбе облысында – 5 учаске (778 шақырым);
  • Алматы облысында – 1 учаске (84 шақырым);
  • Атырау облысында – 1 учаске (9 шақырым);
  • Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске (408 шақырым);
  • Жамбыл облысында – 1 учаске (450 шақырым);
  • Жетісу облысында – 1 учаске (100 шақырым);
  • Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске (133 шақырым);
  • Қарағанды облысында – 8 учаске (1158 шақырым);
  • Қостанай облысында – 11 учаске (1508 шақырым);
  • Қызылорда облысында – 1 учаске (815 шақырым);
  • Павлодар облысында – 9 учаске (1624 шақырым);
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 15 учаске (1924 шақырым);
  • Түркістан облысында – 2 учаске (283 шақырым);
  • Ұлытау облысында – 3 учаске (543 шақырым).

«Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 техника және 196 жолшы жұмылдырылған», – делінген хабарламада.

Алдыңғы жазбаАЛАШОРДА ҮКІМЕТІНІҢ БАТЫС БӨЛІМШЕСІ
Келесі жазбаГазада соғыс кесірінен 17 мың бала жетім қалды