Home Жаңалықтар Енді теңгеге тек қазақ тілінде мәтін жазылады – Нарық

Енді теңгеге тек қазақ тілінде мәтін жазылады – Нарық

30

Бұдан былай банкноталар мен монеталарда мәтіндер тек мемлекеттік тілде жазылады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Жарлығында айтылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзгеріс 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген. «Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноталары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» № 804 Жарлыққа сай банкнота мен монеталарда қолданылатын жазбаның мәтіні енді мемлекеттік тілде ғана жазылады. Ал инвестициялық және коллекциялық монеталарда шет тілдердің жазбаларын қолдануға болады.

Құжаттың алдыңғы нұсқасында былай жазылған еді:

«Банкноталар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылады. Шет тілінде рәсімделетін басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындалатын коллекциялық монеталарды қоспағанда, коллекциялық және инвестициялық монеталарда жазулардың мәтіні мемлекеттік, сондай-ақ орыс немесе шет тілдерінде ресімделеді».



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚостанайда бір ай бұрын жоғалған жігіт пен қыз табылды – Қылмыс
Келесі жазбаЖапониялық зонд астероидтың беткі қабатынан топырақ үлгілерін алды – Даму