Home Жаңалықтар «Джебхат ан-Нусра» шабуылға көшті

«Джебхат ан-Нусра» шабуылға көшті

31

«Джебхат ан-Нусра» террористік ұйымының (ҚР тыйым салынған) жауынгерлерінен құралған екі топ (400-ге жуық адам) «Идлиб» аймағындағы сириялық әскерге шабуыл жасады.

Бұл туралы журналистерге Сирияда жауласушы тараптарды ымыраға келтіру орталығының бастығы, генерал-лейтенант (РФ Қорғаныс министрлігінің құрамына кіреді) Сергей Соломатин айтты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Джебхат ан-Нусра» басқа жауынгерлері осы уақытта Абу-Духур және Абу-Шарджа аудандарындағы үкімет әскерлеріне шабуыл жасады. Әр бағытта 150-200 адамнан құралған топ 15-20 пикапқа мініп, пулеметтармен атқылаған», – деді ол.

Айтуынша, Абу-Духур ауданында террористер автокөлікке отырғызып, жанкештіні қолданған.

«Террористер сириялық армияның қорғанысына қарай 1,5 км қашықтыққа дейін таяу келген. Содан кейін оларға қарай от атқылатып, тоқтатылды», – деп қосты генерал.

Абу-Шарджи ауданында лаңкестер Сирия әскерінің оғынан кейін шегінген.

Ол Ымыраға келтіру орталығы түрік тарапымен өзара әрекет етіп жатқанын айтты. Абу-Духур мен Абу-Шарджи аудандарындағы жағдай туралы ақпарат шұғыл жетіп отыр.

Алдыңғы жазбаТимошенко президент сайлауына түсетінін мәлімдеді
Келесі жазбаНазарбаев Жастар жылын ашты – Ел жаңалықтары