Home Саясат «Егемендігімізді қорғауға әрдайым дайын болуымыз қажет. Бұл өте өзекті»

«Егемендігімізді қорғауға әрдайым дайын болуымыз қажет. Бұл өте өзекті»

31

Мемлекет басшысы егемендігіміз бен Тәуелсіздігімізді қорғауға әрдайым дайын болуымыз қажет екенін айтты.

«Мен барлық пікірді қорыта келе, ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарға тоқталғым келеді. Бұл, ең алдымен, тәуелсіздік және отаншылдық. Әр азамат Отанға деген сүйіспеншілігін сөзбен ғана емес, нақты іспен көрсетуі қажет. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең сезініп, оны бағалай білуі керек.

Біз әділетті мемлекет пен отаншыл, адал азаматтардың күш-жігерін үйлестіріп жұмылдыру және халқымыздың мәдени кодын үнемі заман талабына сай бейімдеп отыру арқылы ғана ең маңызды міндетімізді орындай аламыз, яғни қастерлі Тәуелсіздігімізді сақтап, нығайта түсеміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы біз біртұтас ұлт және халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде ұлттық мүддемізді, егемендігіміз бен Тәуелсіздігімізді қорғауға әрдайым дайын болуымыз қажет екенін айтты.

«Бұл, әсіресе, әлемде «заңның күші емес, күштінің заңыә деген қағидат үстемдікке ие болып, егемендігі осал мемлекеттердің маңдайына өзгеге кіріптар болу жазылған-мыс деген пайымға жол беріле бастаған бүгінгі заманда өте өзекті».

Алдыңғы жазбаКелесі Ұлттық құрылтай қайда өтетіні белгілі болды
Келесі жазбаБатыс Қазақстанда Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді