Home Жаңалықтар «Димаш», «Димаш» жұрт сахнаға лап қойды

«Димаш», «Димаш» жұрт сахнаға лап қойды

45

26 қазанда Димаш Құдайберген Нью-Йорктің Barclays Center стадионында өткен композитор Игорь Крутойдың 65 жылдық мерейтой концертіне қонақ ретінде қатысып, бірнеше рет ән орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаштың келетінін естіп алған америкалық қауым оны әуежайдан құшақ-құшақ гүлмен қарсы алды.

Ал Игорь Крутойдың кешінде Димаш сахнаға шыққан сайын бүкіл көрермен орнынан тік тұрып, аямай қол соғып, ерекше құрмет көрсетумен болды.

Димашты періштеге балайтын қауым оны ұстап көруге тырысып, сахнаға ұмтылды. Күзетшілер қалың жұртты сахнаға көп жақындатпауға тырысты. Дегенмен кейбірі Димашқа жете алып жатты. Ол сахна алдына иіліп отырып, жанкешті көрермендерінің қолын ұстап тұрып ән салды.

Айта кетсек, бұл кешке Димаштан бөлек Ресейдің бір топ әншісі де қатысқан. Олардың арасында A’Studio тобы, Ирина Аллегрова, Алсу, Николай Басков, Дима Билан, Интарс Бусулис, Филипп Киркоров, Валерий Леонтьев, LOBODA, Ани Лорак, Анжелика Варум да бар

https://youtu.be/YOtZKH_CPo4

Алдыңғы жазбаПрезидент: Киік атқандар қатаң жазаға тартылуы тиіс
Келесі жазбаҰҚК: Қызылорда облысында уран концентратын сатпақшы болғандар ұсталды