Димаш Құдайберген әлеуметтік желі арқылы өз жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Таяуда World music awards премиясының иегері Лара Фабианмен бірге жаңа дуэтті ұсынамыз», – деп жазды әнші Димаш Құдайберген. Айта кетейік, бұған дейін Димаш әлем жұлдызы Лара Фабиан орындаған «Любовь уставших лебедей» әнін айтып, көпшілікті тәнті еткен болатын.