Home Жаңалықтар Бурабай курортындағы тауда алапат өрт болды

Бурабай курортындағы тауда алапат өрт болды

51

Ақмола облысының Бурабай курортындағы Жекебатыр тауының төбесіндегі орманды алқап өртеніп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 19 шілдесінде сағат 13.00 шамасында Шучинскіден 15 шақырымдағы Бурабай ауданындағы Жекебатыр тауының 852 метр биіктігіндегі орманды алқап (Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағы) өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 90 адам мен 5 арнайы өрт сөндіру техникасы, 1 тікұшақ жұмылдырылды. Көкшетаудан «Қазавиақұтқару» АҚ-қа тиесілі МИ- 26 тікұшағы шақырылды», – деді ведомстводағылар.

 

Алдыңғы жазбаАтыраулықтар газ таппай шарқ ұруда. Баға 55-тен 90 теңгеге бір-ақ өсті
Келесі жазбаЖақтастары: Атамбаевты «күшпен ұстауға» дайындалып жатыр