Home Жаңалықтар Салық қызметкерлері Нұр-Сұлтанның бір тұрғынына тиесілі 67 пәтерді анықтады

Салық қызметкерлері Нұр-Сұлтанның бір тұрғынына тиесілі 67 пәтерді анықтады

44

Нұр-Сұлтанның бір тұрғынына тиесілі 67 пәтердің 65-і бір тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

 

Басылымның хабарлауынша, ведомство тұрғын үйді заңсыз жалға беруді анықтау жұмыстарын жүргізген.

Мекеменің мәліметі бойынша, 150 қазақстандықтан 10-нан астам пәтер табылған.

Еліміздің 20 мыңнан астам азаматының иелігінде үш немесе одан да көп пәтер бар. Олардың көбі пәтерлерін жалға бергенімен, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, яғни, салық төлеп отырған жоқ.

Заңсыз жалға берушілер әртүрлі ақпарат көздерінің көмегімен анықталады. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректері, ПИК мәліметтері, азаматтардан өтініштер.

Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Әнуар Сүлейменов атап өткендей, жеке тұлғалар да жеке кәсіпкер ретінде тіркелместен тұрғын үйді жалға беруге құқылы.

Өткен жылдың басынан бастап жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жалға берушілер 1% салық төлейді. Бұған дейін салық 2% құраған еді. Мұндай мөлшерлеме табысы жылына 3 528 АЕК-ке дейін болатын кәсіпкерлерге қолданылады, бұл ретте жеке кәсіпкерлердің жалдамалы жұмысшылары болмауы тиіс.

Егер кәсіпкер бірнеше пәтерін жалға берсе және оның жалдамалы жұмысшылары болса, оның салықтық мөлшерлемесі -3%-ды құрайды. Бұл ретте ол жарты жылда бір рет табыс алу фактісі бойынша төлеу керек

Жылжымайтын мүлікті жалға беретін жеке тұлғалар жыл басынан бері енгізілген бірыңғай жиынтық төлемді төлей алады. Бұл ретте, салық мөлшерлемесі олар үшін 10% – ды құрайды.

Алдыңғы жазбаПрезидент Ермек Тұрсыновпен отандық киноның келешегін талқылады
Келесі жазбаҚырғызстан парламенті Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айырды