Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа заңдарға қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz