Home Жаңалықтар Бұл орасан шығын — Тоқаев Жайық өзенінде балықтардың қырылуы жайлы

Бұл орасан шығын — Тоқаев Жайық өзенінде балықтардың қырылуы жайлы

281

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу мәселесін бақылауға алды. Президент Атырау облысының жұртшылығымен кездесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

«Жайықтағы балықтардың хлорға уланып, жаппай қырылуы бүкіл елді алаңдатты. 118 тонна балық қырылды, оның 108 тонна — бекіре тұқымдас. Балық зауыттарымыз 60 пайыз қуатымен ғана істеп тұрғанын ескерсек, бұл — орасан шығын. Мен бұл жағдайды тікелей бақылауға алдым», — деді Президент.

https://twitter.com/AkordaPress/status/1135783798224891904

Президент экологиялық жағдай басты мәселелердің бірі болып табылатынын айтты.

«Ең алдымен Каспий мен Жайықтың бірегей әлеуетін сақтау қажет. Атырау экологиясы — бұл тек облыс мәселесі ғана емес, біз оны шешуге назар аударуымыз керек», — деді ол.

Сондай-ақ Тоқаев таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін де қозғады.

«Гидравликалық құралдар ұзақ уақыт бойы жөнделмеді. 120 ұңғыма өңірдің су ресурстарына елеулі залал келтіреді. Олар жойылуы тиіс!» — деді Президент.

kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба«Астана Банкінің» қызметкері 160 миллион теңге жымқырған
Келесі жазбаКореядағы аурухана 16 жыл бойы қағаз қолданбастан жұмыс істеп тұр