Кеше, 26 наурызда Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында қазақстандық 29 жастағы қыз бен 54 және 55 жастағы екі ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шекара қызметіндегілердің мәліметінше, 29 жастағы қыз өзімен бірге 120 дана, жалпы құны 540 000 теңге тұратын LRS 100-24 маркалы импульс қуат көзін алып кірмекші болған.
© ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
«Аталған отрядтың «Нұр-жолы» жолаушылар тексеру бөлімшесінде қазақстандық 54 және 55 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар өздерімен бірге жолаушылар автобусымен ҚХР-дан 20 боршатышқан (бурундук), 16 ементұмсық (дубонос) текті құс, 24 бұлбұл, 40 тасбақа, 50 тритон және 10 теңіз шаянын елімізге алып кірмек болған», – деп хабарлады шекара қызметіндегілер.
© ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
Заңсыз тауарлар мен жануарлардың актіленіп «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылғаны айтылады.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz