Home Жаңалықтар Білім министрлігі шетелден 67 млн доллар қарыз алмақшы

Білім министрлігі шетелден 67 млн доллар қарыз алмақшы

40

Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік даму банкінен 67 миллион долларды қарызға алатын болды. Теңгеге шаққанда 25 миллиардты құрайтын қаржы республикалық қазынадан 17 жылда кері қайтарылуы тиіс.

РекламКелісім бойынша, 1 доллардың құны 360 теңге болып бекітіліпті. Ал қарыз бойынша алғашқы төлем тек бес жылдан кейін жасалмақ.

Оған дейін берешекке алынған қаржыға жеті жарым мыңға жуық мектепті компьютер, интерактивтік тақта сияқты заманауи құрал-жабдықпен қамтып, педагогтардың біліктілігін арттыру көзделген.

Әрі мүгедек балалардың ел қатарлы білім алуына жағдай жасау үшін де ақша қарастырылған.

Ескере кететін жайт, бұл бағытта  ел қазынасынан да жылда миллиардтар бөлінеді екен. Алайда ол жеткіліксіз  көрінеді. Сондықтан сырттан қарыз алуға тура келіпті.

 Дерек көз. КТК арнасы.

Алдыңғы жазбаИманын сатқан «имамдар»
Келесі жазбаАтамбаев айта береді