Home Әлем Прагада университетте атыс болып, 15 адам мерт болды

Прагада университетте атыс болып, 15 адам мерт болды

127

21 желтоқсан күні Праганың орталығындағы Ян Палах алаңында Карлов университетінің философия факультетінің ғимаратында атыс болды.

Салдарынан 15 адам мерт болып, 20 шақты адам жараланды.

Прага қаласының мэрі Богуслав Свободаның сөзінше, шабуылдаған адам биіктен секіріп кеткен.

Атыс ұйымдастырған адам Чехия азаматы, аты-жөні Дэвид К. Ол факультет ғимаратының сыртқы қоршауымен жүріп келе жатып, іштегі адамдарға ғана емес, өтіп бара жатқан адамдарға да оқ жаудырған. Бірақ оның не үшін оқ атқаны белгісіз.

Оқиға орнында полиция көліктері, құтқару топтары, жедел жәрдем және өрт сөндірушілер жұмыс істеуде.

Алдыңғы жазбаЖасын Ғұмыр…
Келесі жазбаАлматыда автобус бір топ адамды таптап өтті