Жаһандық топ-университеттердің қатарындағы Бирменгим университеті жетекші орын алады. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы академиялық байланыстар жылдан жылға артып отыр.Бүгінде Биргминген университетінің докторы Джон Гудиер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінде дәріс оқуда.
Британиялық ғалымның халықаралық коммуникация және тілді зерттеу саласындағы биографиясы студенттерге үлкен кейс болды. Джон Гудиердің тілді зерттеу және оның журналистикадағы қолданысы жайлы білімі мен тәжірибесі – дискуссияға құнды тақырып.
Ағылшын тілі оқытушысы ретінде шетелдерде дәріс бере жүріп, бірнеше БАҚ-та қызметтер атқарған. 2024 жылы шетелдегі Тіл, мәдениет, өнер тарихы және музыка саласында «жыл төрағасы» атанды. Конфуция университеті Гронинген институтының Global China Insights (GCI) журналының бас редакторы. Ольденбургтегі неміс-қытай достығы қоғамының төрағасы (2015-2019), Шлезвиг Нордтағы Неміс-британ қоғамының құрметті мүшесі, Cambridge Boxhill компаниясының тәуелсіз сарапшысы, кәсіби ағылшын тілі (OET) Language Assessment Pty Ltd (CBLA) сарапшысы. Неміс және еуропа зерттеулері (IGES) институтының кеңесшісі, Air Speak авиациядағы ағылшын тілін тестілеу мен бағалау компаниясының кеңесшісі.
Шараны ұйымдастырған профессор, халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Алмаш Сейдикенова: Біз Джон Гудиердің қолдауымен мәдениетаралық қатынастар мен тілді зерттеу, медиа жобаларға ұсыныстар жібереміз деп келістік, – деп мәлімдеді.
Джон Гудиер ғылыммен қатар журналистикада еселі еңбек істеп жүрген тәжірибелі маман. Дәрістен соң Джон Гудиер журналистика факультетін аралап, студенттермен кездесті. Халықаралық басылымдарда журналист, редактор қызметтерін атқарған британиялық ғалым Кино&медиа мамандының 2-курс студенті Азамат Смаил мен Журналистика мамандығының 3-курс студенті Аднан әл-Хаттабқа сұқбат берді.
Гүлмира Сұлтанбаева