Home Әлем Молдова президенті Майя Санду сайлау нәтижелерінен кейін күтпеген мәлімдеме жасады

Молдова президенті Майя Санду сайлау нәтижелерінен кейін күтпеген мәлімдеме жасады

77
Ол соңғы сайлауға сыртқы күштер араласты деген үлкен айып тағып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz .

Ол өзінің х парақшасында жарияланған жазбасында, Молдова бостандық пен демократияға қатысты бұрын-соңды болмаған шабуылға тап болды деп мәлімдеді.

«Қылмыстық топтар шетелдік күштермен бірге елімізді белгісіздік пен хаос аймағына енгізу үшін ондаған миллион еуро, өтірік үгіт-насихат арқылы елімізге шабуыл жасады. Бізде қылмыстық топтың мақсаты 300 мың дауыс сатып алу екендігі туралы дәлелдер мен ақпарат бар».Майя Санду

Президент түпкілікті нәтижелерді күтетінін, оның қорытындысы бойынша одан әрі іс-қимыл туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Алдыңғы жазбаТүркі мемлекеттері ұйымының кездесуінде Қазақстан қандай бастамаларды алға тартты
Келесі жазбаҚызылордалық диқандар 200 миллион текше метр суды үнемдеді