Елімізде аталып өтіп жатқан Наурызнама он күндігіне сәйкес, 19 наурыз – Жаңару күні. Бұл күні Батыс Қазақстан облысында ағаш отырғызу акциясы өтті.
Аталған іс-шараға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады.
«Мемлекет басшысының бастамасымен биыл елімізде Наурыз мерекесі Наурызнама атауымен жаңа форматта тойлануда. Наурызнаманың әр күні ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған. Бүгін 19 наурыз – Жаңару күні қала тұрғындарымен бірге ағаш отырғызу акциясын өткізіп жатырмыз.
«Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» дейді дана халқымыз. Қаламыздың келбеті мен сәні – жайқалған жасыл желек. Бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында 10-шы шағын ауданға 74 түп шырша көшетін егеміз»- деді Нариман Төреғалиев.
Аталған шараға қала тұрғындары, жастар, қоғам белсенділері, аға буын өкілдері қатысты.
Өткен жылы Орал қаласында 4 мыңға жуық көшет отырғызылған. Биыл да бұл жұмыс жалғасын тауып, Орал қаласын көріктендіру мақсатында 3 мыңдай ағаш отырғызу көзделген.