Home Жаңалықтар Қазақстанда ұялы байланыс пен интернеттің бағасы көтерілді

Қазақстанда ұялы байланыс пен интернеттің бағасы көтерілді

32
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың 1 тамызында тауарлар мен қызметтердің бағасы қалай өзгергені туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы шілдеде айлық инфляция деңгейі 0,7% құрады (ағымдағы жылғы маусымда – 0,4%). Ақылы қызметтердің бағасы 1,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,7%, азық-түлік тауарлары 0,2% өсті.

Бағаның өсуі ұялы байланыс үшін 11,5%, интернет-байланыс қызметі бойынша 6,8% өсті. Әуе көлігінің қызметі 12,9%, кешенді демалысты ұйымдастыру қызметі 11,5% қымбаттады.

Ағымдағы жылдың шілде айында баллондардағы сұйытылған газ бағасы 5,3% өсті. Ыдыс-аяқ 1%, киім мен аяқ киім 0,8% қымбаттады. Дәрі-дәрмектер бағасы 0,6% өсті.

Азық-түліктен қырыққабат бағасы 16,8%, картоп – 7,5%, пияз – 7,3% өсті. Темекі өнімдері – 3,8%, минералды су 1,6% өсті.

Алдыңғы жазбаҚытайлық ғалымдар Арал даласын көгалдандыруды көздеп отыр
Келесі жазбаҚазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды