Home Қоғам Өз үйің-өлең төсегің.

Өз үйің-өлең төсегің.

130
Соңғы уақытта урбанизация жаппай белең алған кезде қалаға ағылғандардың біразы бастапқыда квартирада тұрғаны рас. Кейін «біреудің қалтасына ай сайын ақша салып отырғанша, ипотекаға болсын пәтер алып алайық, соңында өзімізге қалады ғой» деп ақыл тапқандардың саны артты.
Мысалы, былтырғы жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда ипотекалық несиелер портфелі 5,8 трлн теңге болды.
Біздегі ипотека алғандардың шамамен бестен бір бөлігі жастар екен. Соған қарағанда 30-ға толмаған қазақстандықтар баспаналы болудың қамын ертерек ойлайтын болып тұр ғой.
Ал меншіктегі үйі бар (ипотекасыз) 50 жастан асқан еуропалықтардың үлесі 70% екен. Кейбір елдерде қарызға батып үй алғаннан гөрі, өмір бойы аренда жалдауды артық көретіндер де бар.
Ал енді бірі аз пайызбен болса да, асықпай жарты ғұмыры өткенше үйдің ақшасын төлеп, арасында теңізге барып демалып, саяхаттауға ақша қалдыруды жөн санайды.
Яғни, біздегідей алған ипотекасын жабамын деп ішпей-жемей, түн ұйқысын төрт бөліп, екі-үш жерде жұмыс істеп терлеп-тепшіп жүрген еуропалықтарды көрмейсің.
Еуропа елдерінің ішінде меншік үйі барлардың үлесі бойынша Румыния, Хорватия, Литва және Болгария көш бастап тұр. Халықтың 80%-дан астамының несиесіз өз баспанасы бар.
Ресейде де меншік үйі бар азаматтар саны басым. Қарап отырсақ, тезірек баспаналы болуға деген ұмтылыс Кеңес кезіндегі елдерге ортақ қасиет сияқты.
АҚШ пен Германиядағы меншік тұрғын үйі барлардың үлесі халықтың 26%-ын ғана құрайды. Өйткені, бұл елдерде ипотекаға қатысты қатаң ақша несие саясаты қолданылады.
Нидерланды мен Швейцарияның көрсеткіші – 22% ғана.
Ұлыбритания халқының 39%-да ипотекасыз меншігі бар.
Халықты баспанамен қамтамасыз ету бойынша Сингапур мен Біріккен Араб Әмірліктерінің үлгісі жақсы мысал бола алады.
Мысалы, Сингапурдың тұрғын үй және даму жөніндегі кеңесі (HDB) халықтың 80%-ға жуығын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге жауапты.
Ал БАӘ-нің 2030 жылға арналған бағдарламасында халықтың (арабтардың) 100 пайыз өз үйі болуы керек деген міндет тұр. Оның қазір 75 пайызы орындалып та қойған.
Сіздің ше, өз баспанасы (ипотекасыз) бар қазақстандықтардың үлесі қанша?
Ерке Жұматай (ФБ парақшасынан)
Алдыңғы жазбаБатыс Қазақстан облысында ағаш отырғызу акциясы өтті
Келесі жазбаЭкс-министр Тұрғымбаевтан жауап алынды