Home Жаңалықтар Алматыда адамдар ірі сауда орталығынан қауіпсіз жерге шығарылды

Алматыда адамдар ірі сауда орталығынан қауіпсіз жерге шығарылды

42

Алматыда куәгерлер супермаркеттен эвакуацияланғандықтары жайлы хабарлады.

Әңгіме Төле би мен Саин көшелерінің қиылысында орналасқан Metro жайында болып отыр. Іштегі адамдардың барлығы сыртқа шығарылған. Аталған орынға полиция мен өрт сөндірушілер келді.

Әзірге ресми органдардан ешқандай пікір білдірген жоқ.

Zakon.kz тілшісінің оқиға орнында анықтанған ақпаратынша, күзет қызметі бастығының электронды поштасына Metro ғимараттарының біріне (СО әлде әкімшілік) бомба қойылғандығы туралы хат келіп түскен. Соған байланысты ғимарат ішіндегі адамдардың барлығын қауіпсіз жерге шығару жайлы шешім қабылданған. Оқиға орнына шұғыл қызметтер шақыртылды.

 

zakon.kz»

Алдыңғы жазбаЕлеусінов Головкин жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады
Келесі жазбаКөпбалалы отбасыларға тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие беріледі