Home Жаңалықтар Ауғанстанда президент сайлауы кейінге шегерілді

Ауғанстанда президент сайлауы кейінге шегерілді

42

Ауғанстанда 2019 жылы сәуірде өтуі тиіс президент сайлауы шілде айына шегерілді. Бұл туралы Ауғанстан сайлау комиссиясына сілтеме жасаған France-Presse агенттігі хабарлады. Сайлауды кейінге шегеруге кандидаттардың кеш тіркелуі және дауыс беруді ұйымдастыру мәселелері себеп болған.

Президенттікке кандидаттарды тіркеу 22 желтоқсанда ашылған. 2 қаңтарда аяқталуы тиіс. Сайлау комиссиясының төрағасы Заби Садаттың айтуынша, тіркеліп жатқан кандидаттардың саны аз.

Сайлау комиссиясы 2018 жылы қазанда өткен парламент сайлауыныңдауыстарын әлі санап біткен жоқ. Сайлау кезінде «Талибан» шабуылы жиілеген. Қазір Ауғанстан билігі «Талибан» қозғалысымен келісімге келуге тырысып жатыр.

 

Алдыңғы жазбаIJF: 2018 жылы әлемде 94 журналист мерт болған
Келесі жазба« … Мен толық ашыла алмадым, әттең… »