Home Басты жазба Астанада Кенесары хаға бір ауданның атын неге бермеске?

Астанада Кенесары хаға бір ауданның атын неге бермеске?

354

Сонымен  елордасы атанған  бас  қала – Астанада  алтыншы аудан  пайда  болды. Жөн-ақ. Өйткені  шаһар  өсіп келеді, тұрғындар  саныда  көбейуде. Жаңа ауданға  Сарайшық деп ат  бергеніде оңды  болған. Келісуге болады.  Себебі, кезіндегі  Жошы  ұлысының  сауда  және  экономикалық орталығы болған. Шаһар  атақты Бату  ханның тұсында  салынды.  Кейінен қазақтың  ұлы  ханы  Қасым  Сарайшықты   қазақ  хандығының  орталығы  яғни  астанасы  етті. Демек,  бас  орданың   бір ауданы  Сарайшық  деп аталғаны өте  орынды.

Дегенмен  Астанадағы аудан аттарына  келсек,  «әттеген-ай»  дейтінде жағдай  бар.  Мәселен   бас  қаладағы   Нұра,  Есіл,  Сарайшық, Сарыарқа,  Байқоңыр деген атаулар дұрыс-ақ. Әрқайсысының өзіндік  тарихи мәні  бар.  Ал,  Алматы  атауын бір ауданға  не  үшін  берді? Онсызда  еліміздің   рухани астанасы атанып отырған  ең  ірі қаланың  аты  Алматы  емес пе?  Енді  соны  қайталап,  аудан атын  беру  қаншалықты  ұғымға  сыйымды?  Түсінбедік. Мәселен  сол   Алматы ауданының  атын  осы  өңірде  иісі алаш  баласының қамы  үшін,   отаршыл Ресей патшалығымен  соғысып,  елі-жері  үшін басын  құрбандыққа  тіккен  қазақтың  соңғы ханы  Кенесарының  аты  неге  бермеске.  Тарихқа сәл  шегініс жасайтын болсақ, 1838 жылдың жаз айында хан Кенесары Ақмола бекінісіне шабуыл жасады. Отарлаушыларға қойылған  талап  белгілі:  «Отаршылдықтың езгісі тоқтатылсын. Ақтау мен Ақмола бекіністері жойылсын» деген. Бірақ басқыншылар  бұл  талапты  орындамады.  Мұның  соңы  Кенесары  ханның  Ақмолаға  шабуыл  жасап,  оны басып алуымен  аяқталғаны  тарихтан  белгілі.Қазір сол  Ақмола бекінісінің  орынында алаш  баласының    бас  ордасы  Астана  орналасқан.  Демек,   осы қаланың бір ауданына    Кенесары  ханның  атын беруге  әбден  болар  еді. Әлбетте, біздікі  ұсыныс. Ономастикалық комиссия осы  мәселені  әліде  ойластырып,  әділеттілікті  қалпына  келтіресе  жақсы  болар еді.

Азаматхан Әміртай «Байтақ»  жасылдар  партиясының төрағасы

Алдыңғы жазбаБату ханның алтын аттары қайда?
Келесі жазбаНұрлан Ноғаев жаңа қызметке келді