Нұрлан Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Асқар Тәжібаев болса Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елші қызметінен босатылды.
Еске салайық, Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі қызметінен 2024 жылдың 16 мамырында кеткен болатын.