Асқар Құлыбаевтың мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды.
Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 миллион АҚШ доллары болатын ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды.
«Талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында берілген. Анықталғандай, 2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған», – делінген хабарламада.
2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді.