Home Жаңалықтар Арыста неліктен ұялы байланыс істен шыққаны анықталды

Арыста неліктен ұялы байланыс істен шыққаны анықталды

72

ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі министрі Асқар Жұмағалиев Арыс қаласында төтенше жағдай кезінде неліктен ұялы байланыс істен шыққанын түсіндірді.

«Арыста ұялы байланыстың істен шығуына қатысты айтар болсақ. Бұл жарық жүйесінде болған ақауға байланысты. Электр қуатының таралуы бәсеңдеген уақытта базалық станциялар аккумулятормен жұмыс істеді, алайда олар көп уақытқа есептелмеген. Осыған байланысты ұялы байланыс жұмысында ақау пайда болды. Қазіргі уақытта барлығы істеп тұр. Мамандар қалаға кірген уақытта, байланыс толығымен орнатылады», – деді Жұмағалиев.

Арыс қаласында болған жарылыс кезінде ата-анасынан адасып қалған балалар туралы мәлімет әлеуметтік желі арқылы таралған еді.

 

kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАрыста жоғалған барлық бала табылды – Ішкі істер министрі
Келесі жазбаТүркістан облысының түлегі ҰБТ-да 140 балл алды