Home Жаңалықтар Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды

Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды

48

Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Аманхан Әлімұлы қазіргі Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мәскеудегі Бүкілодақтық A.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. Республикалық басылымдарда қызмет істеген. «Кездесу» (1983), «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) жыр жинақтарының авторы. 2019 жылы Арыс қаласының «Құрметті азаматы» атанған.

 

Алдыңғы жазбаҚазақстанның тағы алты қаласы карантинге жабылып, Ақтауда ерекше жағдай енгізілді
Келесі жазбаҚытай коронавирустың екінші толқынынан қауіптенеді