2 қаңтарда Қазақстанда жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СТӘЭ сайтына сілтеме жасап. Жер сілкінісі Нұр-Сұлтан уақытымен 7:51-де тіркелді. Оның эпицентрі Алматының солтүстігінде 510 шақырым жерде болды. Жер сілкінісінің энергетикалық деңгейі – 9.0; MPV магнитудасы – 4.0; тереңдігі – 25 шақырым. Табиғи құбылыс адамдарға сезілмеген. Бұған дейін жер сілкінісі Алматы облысының Алтын Емел ұлттық паркі аймағында болған еді.