Home Жаңалықтар «Эйр Астананың» Алматы – Дели бағытындағы рейсінде жолаушы қайтыс болды – Тосын...

«Эйр Астананың» Алматы – Дели бағытындағы рейсінде жолаушы қайтыс болды – Тосын жай

34

Кеше, 3 ақпанда «Эйр Астана» әуекомпаниясының Алматы – Дели бағытындағы рейсінде жолаушы қайтыс болды. Бұл туралы Халықаралық Алматы әуежайының баспасөз қызметі Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Қазақстанның 67 жастағы азаматшасы ұшу алдында өзін нашар сезініп, нәтижесінде билет келесі күнге ауыстырылған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел онкологиялық аурумен ауырған. Ұшқан кезде өзін өте нашар сезінген. Әуежайға келген медициналық қызметкерлер оның қайтыс болғанын анықтады», – делінген хабарламада.

Оқиғаның басқа мән-жайы айтылмады.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаБразилияда бөгет жарылған сәттің видеосы: 121 адам қаза тапты – Жаһан
Келесі жазбаСарапшы әлеуметтік желілерге тәуелді адамның белгілерін атады – Ғаламтор